Последнее обновление: 17 Августа 2024 16:32, Просмотров (779), Печать
2022 жылдың 10 қарашасынан бастап Шахтинск қаласында Абай Құнанбаев даңғылы, 23/1 ғимарат мекенжайында орналасқан «TENTEK» дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істей бастады.
Келушілерге ойын залы, жүзу бассейні (25х11, 4 жол), тренажер залы, күрес, бокс және үстел теннисімен айналысуға арналған залдар ұсынылады.
Келесі спорт секциялары жұмыс істейді: волейбол, күрес, грек-рим күресі, жеңіл атлетика, баскетбол және футбол, Бокстан спорт секциясы, жеңіл атлетикадан спорт секциясы.
Әмбебап ойын залының жүктемесі 78 % құрайды. Аптасына төрт рет ойын залында Шахтинск қаласының төрт шахтасының қызметкерлерімен дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары өткізіледі.
«Мүгедектер спорты бойынша облыстық мамандандырылған мектеп» КММ өткізетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар балалармен Шахтинск қаласының ФОК-да жүзу секциясын ашу туралы мәселе шешілуде.
Әлеуметтік желілер:
https://naraione.org/novosti-shahtinska/fok-g_shahtinska.html
https://dknews.kz/ru/v-strane/250782-v-shahtinske-dostroili-fok-i-obnovili-park