Последнее обновление: 08 Августа 2024 14:40, Просмотров (511), Печать
1. Жалпы ережелер
1.1. «Оқу уақыты» акциясы (бұдан әрі-Акция) оқуға ынталандыру және тарту мақсатында өткізіледі;
1.2. Акцияны ұйымдастырушы «Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ;
1.3. Акция Мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен, жалпы білім беретін мектептермен, колледждермен, кәсіпорындармен және ұйымдармен бірлесіп өткізіледі;
1.4. Осы ереже акцияның мақсатын, міндеттерін, шарттары мен мерзімін анықтайды.
2. Акцияның мақсаты мен міндеттері
2.1. Акцияның мақсаты - Шахтинск өңірінің халқын қазақ әдебиетін оқуға тарту;
2.2 Акцияның міндеттері:
2.2.1. Шахтинск аймағының халқын белсенді оқырман қызметіне тарту;
2.2.2. Оқуды отбасылық бос уақытты өткізудің бір түрі ретінде танымал ету.
3. Акцияға қатысушылар
3.1. Акцияға жасына қарамастан барлық тілек білдірушілер қатыса алады.
4. Акцияны өткізу мерзімі
4.1 Акция 2024 жылдың 20 тамызы мен 1қазан аралығында өткізіледі.
5. Акцияны өткізу шарттары мен тәртібі
5.1. Акция үш кезеңде өтеді:
5.2. Бірінші кезең (дайындық):
2024 жылғы 20 тамыздан бастап:
5.3. Екінші кезең 2024 жылдың 20 қыркүйек күні өтеді:
5.4. Үшінші кезең 2024 жылдың 20 қыркүйегі мен 1 қазан аралығында өтеді:
5.5. Ұйымдастырушы Акция барысы туралы ақпараттандыруды жүзеге асырады.
6. Акцияны қорытындылау
6.1. Акция қорытындыларын ұйымдастырушы қатысушылардан жіберілген есептер материалдары бойынша шығарады;
6.2. Дипломды Акцияны өткізу туралы есепті электрондық есеп беру түрінде ұсынған, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес фотосуреттер ұсынған қатысушы алады;
6.3. Акция қорытындысы туралы ақпарат БАҚ-та, «Мой мир», «Одноклассники»,»ВКонтакте», «Instaqram» әлеуметтік желісінде және ұйымдастырушының ресми сайтында орналастырылады: http://shahtinsklib.kz/.
Балалар кітапханаларына арналған кітаптар тізімі
Бұқаралық кітапханаларға арналған кітаптар тізімі